Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында таң ата құттықтаушылар легі толассыз. Сұлтанбек Тәуіпбаевқа алғашқы болып ақ пейілі мен риясыз көңілін төл ұжымы білдірсе, жүрек жарды тілектерін арқалағандар да баршылық. Басшымыздың туған күніне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы құттықтау хатымен келген қала әкімі Серік Қожаниязов пен Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаевтың орындары ерекше. Құттықтау сөздерінде облыс әкімі Сұлтанбек Тәуіпбаевтың атқарған еңбегін бағалап жаңа лауазымда да өзінің кәсіпқорлығын, білімін және іскерлігін көрсетіп, жаңа жетістіктер мен көрсеткіштерге қол жеткізетініне сенімділік білдірді. Қала әкімі: «Еңбегіңізге ризамын, жаңа қызметте де табыс тілеймін» – дей тұра құттықтау адресатын табыс етті.
















