Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Ұлттық аграрлық ғылыми білім орталығының бастамасымен «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыру» бағдарламасы аясындағы «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақысыз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасын іске асыра бастады. Осыған орай бүгін ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰАҒА-ның академигі Құрманбек Бәкірұлының “Су ресурстары тапшылығына бағытталған күріштің тұқым шаруашылығын ұйымдастыру” атты вебинары өтті. Қатысушыларға алғыс білдіре отырып келесі вебинарымызды 24 шілдеге жоспарлап отырғанымызды хабарлаймыз. Қалыс қалмай вебинарларымызға қатысып отыруға шақырамыз!

















