Бүгін Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Ұлттық Аграрлық Ғылыми Академиясының корреспондент мүшесі, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының “Картоп және көкөніс бақша дақылдары” бөлімінің меңгерушісі Қанағат Біләлұлы Бегалиевтің 70 жасына арналған Ғылыми-Кеңес ұйымдастырылып мерейтой иесінің ғылымдағы еңбек жолына жоғары баға беріліп, өңіріміздің аграрлық саласына қосқан мол үлесі аталып, құрмет көрсетілді.
Қ.Б. Бегалиев 80-нен аса ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 1 монография, 2 оқу-әдістемелік құрал, бірнеше ұсынымдардың авторы.
Көп жылғы ұстаздық қызметі мен ғылыми жұмыстардағы жетістіктері үшін Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен, университеттің 70 жылдық медалымен, ҚР президентінің алғыс хатымен және 2016 жыл қорытындысымен қала әкімінің мақтау қағазымен, ауыл шаруашылығы министірінің «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Елеулі еңбек үшін», «Ы.Жақаевтың 130-жыл, медальдарымен марапатталды.
Төл ұжымы гүл шоқтары мен құттықтау лебіздерін жеткізген қонақтарға алғыс айта отырып Қанағат Бегалиевке қажымас қайрат, зор денсаулық, еңбекте жеміс тілейді.























