Бүгінгі күн шуағымен Күріш институты қызметкерлері «Классикалық селекция мен биотехнология жетістіктерін пайдалана отырып, техникалық дақылдардың өнімділігі жоғары сорттарын/будандарын жасау, сорттық технологияны әзірлеу және алғашқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру» (ПЦФ) жобасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады. Жоба жетекшісі Камалдин Шермағамбетов. Тәжірибені жүзеге асыруға күріш өсіру, ауыспалы егіс және күріш тұқымын өндіру бөлімінің барлық қызметкерлері жұмылдырылған.


















