Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты GIZ – Халықаралық ынтымақтастық корпорациясымен “Эко Арал” жобасы аясында бірнеше жылдан бері тығыз байланыста. GIZ бағдарламасы Су ресурстарын кешенді басқару саласындағы жаһандық тәжірибесін және серіктес ұйымдардың сарапшыларын біріктіреді. Солардың бірі Халықаралық су ресурстарын басқару институты (IWMI, Өзбекстан).
Ынтымақтастық аясында IWMI жобасының жетекшісі Шавкат Кенжебаев өңірімізге келіп Қарауылтөбедегі ғылыми-тәжірибелік алаңқайына Су өлшегіш құралдары мен Агрометеостанция қондырғысын орнатты. Метеостанция күн райын, ауа температурасын, топырақ ылғалдылығы мен тұздылық мөлшерін және желдің уытқу бағытын болжап жинақталған мәліметтерді арнайы сайтқа жіберіп отыратын болады. Алдағы уақытта бұл ақпараттар өңіріміздің агро саласының дамуына қосатын үлесі мол.



















