Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің отырысы аясында шетелдік әріптестермен және бірқатар делегациялармен екіжақты кездесулер өткізіп агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы түркі елдерінің күшті жақтары мен жинақталған тәжірибесі тақыланды. Бұл басқосу елдеріміз арасындағы өзара сауда деңгейін арттыру, бар кедергілерді жою және өзара сауданы дамыту бойынша проблемалық мәселелерді жедел шешу, тауарларымыздың логистика құнын төмендету, ветеринария және фитосанитария саласындағы стандарттарды сәйкестендіру сияқты ТМҰ кеңістігінде жаңа қарым-қатынастарды құруға мүмкіндік береді.
Айтулы жиынға Бауыржан Касенов бастаған Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты институт басшылары қатысушы елдерден келген әріптестерімен тиімді іскерлік қатынас орнатып, ғылыми жаңалықтарымен танысты. Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев Түркі елінің күріш өсіруші әріптестерімен кездесті. Институтымыздың алға қойған мақсаттарының бірі күріш тұқымын көбейту, сапалы – өнімділігі жоғары сорттар шығару. Осы орайда келіссөздер жүргізіліп биылғы егіс жылында Қарауылтөбе тәжірибелік алаңқайларда түріктердің екі күріш сорты егіліп, жерсіндірілуі сыналатын болады. Сонымен қатар Тараз қаласында алғаш рет өткен «Kazagro Zhambyl-2024» Халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесінде күріш өндірісіне қажетті техника мен минералды тыңайтқыштар өндірушілермен байланыс жасалды.
























