Агротехнология, мелерация және топырақтану бөлімі

Толық ақпарат
Бөлім атауыАГРОТЕХНОЛОГИЯ, МЕЛИОРАЦИЯ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТАНУ
Бөлім меңгерушісі

(ТАӘ, байланыс құралдары,эл. почта)

 

Тоқтамысов Әсет Мырзаханұлы,

Ұялы тел:8701-471-7158

e-mail: aset_58_58@mail.ru

Бөлім тарихы2015 жылы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ қайта құрылуы аясында институттың «Агротехнология» және «Мелиорация, топырақтану және экология» бөлімдерінің бірігуінен «Агротехнология, мелиорация және топырақтану» бөлімі болып құрылды. Бөлім меңгерушісі қызметіне а/ш.ғ.д., АШҒА коорреспондент мүшесі Ә.М.Тоқтамысов тағайындалды.

Бөлімде бас және жетекші ғылыми қызметкер болып Хасый Жамантіков, Камалдин Шермагамбетов және Жанұзақ Байманов қызмет атқарып келеді.

Зерттеудің негізгі бағыттары
  •  Ауылшаруашылық дақылдарының аймақтық, ресурсүнемдегіш, экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді өсіру технологиясын әзірлеу;
  • Күріш ауыспалы егістігі жүйесін қалпына келтіру және әртараптандыру дақылдарын ауыспалы егістікке енгізу;
  • Күріш өсірудің жаңа технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу;
  • Күріш шаруашылығы саласында жүйелі зерттеулер жүргізу.
  • Шетелдік озық технологияларды жергілікті ортаға бейімдеу және пайдалану.
  • Топырақ құнарлығының жақсарту жолдарын қарастыру;
  •  Тыңайтқыш беру жүйесін және арам шөптермен күрес жолдарын оңтайландыру іс шараларын жетілдіру жөнінде ғылыми зерттеулермен айналысу.
Бөлім ұсынатын қызметтер·   Минералды және органикалық тыңайтқыштарды, биологиялық активті заттар мен мелиоранттарды қолдана отырып, күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарын өсірудің интенсивті, энергия-ресурсүнемдегіш технологиясын әзірлеу;

·   Әртүрлі күріш сорттарының, мәдени дақылдардың өсіру технологиясын зерттеу,  түрлі минералды және органикалық тыңайтқыштарды, биопрепараттарды, пестицидтерді (фунгицид, гербицид және т.с.с.) сынақтан өткізу және оларды қолдану жөніндегі ұсынымдарды даярлау;

·   Су қорларының тапшылығы жағдайында экологиялық және экономикалық қолайлы су режимдерін әзірлеу, автоматты суару қондырғыларын күріш танаптарына орналастыру;

·   Қазақстанның  күріш шаруашылықтарына жоғары бейімделген күріш агроландшафтарын қалыптастыру және жер пайдалану тиімділігін арттыру.

Негізгі жетістіктер1.      Бөлім ғалымдарының ұсынысымен күріш егістігіне топырақ қопсытқыш КПН-4,0 культиваторы өндіріске енгізілді;

2.      Бөлім ғалымдарының ұзақ жылғы зерттеулер нәтижесінен күріш топырағының жағдайын жақсарту мақсатында күріш қауызынан және сабанынан компосттың 2 түрі биокомпост және ферментті компост органикалық тыңайтқыштарыәзірленді;

3.      Қаратау тау жыныстарының қиыршық тастарынан доломит ұны дайындалды, ол күріш егу алдында топыраққа топырақжақсартқыш мелиорант ретінде пайдаланылады;

4.      Күріш танаптарын автоматты суару құрылғысы ойлап шығарылды;

5.      Өңірдегі актуалды мәселелелердің бірі суресурстарын үнемдегіш технологиясы тамшылатып суару жүйесі (топырақ беті, топырақ асты және жаңбырлатқыш) әзірленді;

6.      М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғалымдарымен бірлесіп жаңа «Хелафос» микротыңайтқышын шығарды;

7.      Жапондық ғалымдармен бірлесе отырып күріш тұқымын темір ұнтағымен қаптау немесе өңдеу технологиясы ойластырылып, тәжірибелер жүргізілді;

8.      Күріш және күріш ауыспалы егістіктеріндегі арам шөптермен күресу және биопрепараттармен үстеп қоректендіру жолында жаңа ұшақсыз басқарылатын агродрон арқылы себуқызметі өндіріске енді.

Коммерциялық сорттар мен будандар
Серіктестіктер,лицензиялар, патенттер1.      ҚР инновациялық патенті №23482 // Ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялау жолы// Х. Джамантиков, Р.Е. Елешев, Е.Х. Джамантиков, М.А. Вильгельм, М.Х. Джамантикова; 15.12.2010 жариял., Бюлл. № 12.- 6 б.

2.      ҚР инновациялық патенті №25994 //Күріш өсімдіктерінің өсуін және дамуын ынталандыру тәсілі // Джамантиков Х., Өмірзақов С.Ы., Вильгельм М.А., Джамантикова М.Х.- № 2011/1104,1; 26.10.2011 мәлімденді, 14.09.2012 жариял. Бюлл. № 9;

3.      ҚР инновациялық патенті №28530 // Күріш өсіру тәсілі //Х. Джамантиков, С.Ы. Өмірзақов, И.Э. Смирнова, М.Б. Асқарова, М.Х. Джамантикова; 01.04.2013 жариял.

4.      ҚР инновациялық патенті №2170 // Компост алу жолы/ Жамантиков Х., Жамантиков Е.Х., Смирнова И.Э., Абжалелов А.Б., Джамантикова М.Х. №2008/0894.1;

5.      ҚР инновациялық патенті № 27474, «Биокомпосты пайдалану және қолданудың әдісі»// Х. Жамантиков, С.Ы. Өмірзақов, И.Е. Смирнова, Ж.Н. Байманов, жариялау. 31.01.2013.

6.      ҚР инновациялық патенті №31229, «Техникалық қалдықтар негізінде Хелефос-1, Хелафос-2 микротыңайтқыштарын алу әдісі» // Джамантиков Х., Бейсенбаев О.К., Баткаев Р.И., Дигаи Л.В., Белобородова А.Е. , Холошенко Л.Х., Қаратаев С.С., Макашев Э.Ж., Өмірзақов С.Ы., Саипов А.А., Досмаханбет Г.К. 19.05.2016.

7.      ҚР инновациялық патенті №31228, «Хелафос-3, Хелафос-4 микротыңайтқыштарын техногенді қалдықтар негізінде алу тәсілі» // Джамантиков Х., Бейсенбаев О.К., Баткаев Р.И., Дяги Л.В., Белобородова А.Е. Холошенко Л.Х., Қаратаев С.С., Макашев Э.Ж., Өмірзақов С.Ы., Саипов А.А., Махмут А.А. 19.06.2016.

Орталық туралы

“Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байланыс

+7(7242) 23-05-63 
kz_ris@mail.ru
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 25Б

Картада