Арнайы сапар

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Бауржан Касенов Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына арнайы келіп институт ұжымымен кездесу өткізді. Сапар барысында селекция, тұқым шаруашылығы, картоп, көкөніс-бақша дақылдары бөлімдерінің зертханалық жұмыстарымен танысып, қызметкерлерімен жүздесті. Күріш институтының өмірінде көптеген өзгерістер орын алуда. Алға кемел бағдарламалар қойылуда. Діттеген ойлардың жүзеге асырылуы үшін, әрине, ең алдымен осы киелі шаңырақта еңбек етіп жүрген ғалымдарға иық тірейді, ал қойылған тапсырмалардың толыққанды орындалуы мемлекеттік бағдарламалардың оңтайлығынан.
Қазіргі таңда ғалым тек 2-3 жылға созылатын конкурстарға қатысып, оның нәтижесіне қарай жұмыс істейді. Басқа елдерде ғылымға жұмсалатын қаражат ұлттық қордың мойнына артылған. Ғалым еш алаңдамай еңбегін асыру қажет. Институт ғалымдарының ойлары да осыған саяды, тілегі де айтылған орынды ұсыныстарын тиісті министріктерге жеткізу.
Бауыржан Касенов өз сөзінде инвесторларды тарту жөнінде сөз қозғап жақын елдермен іскерлік қарым-қатынас орнату, олардың технологияларын тарту бойынша өз ойын жеткізді.

Орталық туралы

“Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байланыс

+7(7242) 23-05-63 
kz_ris@mail.ru
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 25Б

Картада