Семинар-кеңес

Ағымдағы жылдың 20-ақпаны күні Қытайлық ауыл шаруашылығына арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруші Eavision Robotic Technologies Ltd компаниясының вице-президенті Zhai Hui бастаған бір топ делегация күріш институтына келіп, өңіріміздің күріш шаруа қожалықтары басшыларымен семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев ұйымдастырылып отырған шараның нәтижелі болып, алдағы уақытта өңіріміздің егін шаруашылығы саласына инновациялық технологиялардың кеңінен жол ашатындығына сенімділігін білдірді.
Алғашқы сөз кезегін алған, делегация құрамындағы Алматы қаласындағы Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Бахытжан Дүйсембеков делегация мүшелерін толығымен таныстырып, былтырғы жылдан бері осы компания шығарған агродронмен жүргізген жобаларына тоқталды.
Өз кезегінде Қытайлық Eavision Robotic Technologies Ltd компаниясының вице-президенті Zhai Hui ақылды агродрондардың ауыл шаруашылығында қолданып жүрген дәстүрлі техникаларды ысырып тастап егін жұмыстарында көптеген қызметтерді өз мойнына алғандығын паш етті. Жаңаланған Eavision агродрондарының бұрынғы түрлерінен айырмашылығы алдында тұрған ландштафттарды зерделеу, тосқауылдардан қауіпсіз өту, агрохимикаттарды тікелей шашу, түнгі уақытта ұшу сияқты артықшылықтары бар екен. Жалпы айтқанда агродрондардың модификациясына сай бір тәулікте 120 гектарға дейін егіс алқаптарына қажетті тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды шашып шығуға қауқары бар.
Семинар-кеңес барысында Eavision Robotic Technologies Ltd компаниясының Қазақстандағы серіктесі AgroNomad компаниясының бас директоры А.Қонысбаев, Eco Energy Zhetysu мекемесінің бас директоры А.Бетекбаев Eavision агродрондарына қызығушылық танытып, оны сатып алған шаруашылық мамандарын агродронды ұшыру мен дұрыс пайдалануға машықтандыру сабақтарын ұйымдастырып, қажетті кеңестерін беруге әзір екендіктерін білдірді.
Институт ғалымдары, шаруашылық басшылары мен мамандары тарапынан агродроннның техникалық көрсеткіштері, қызмет көрсету ауқымы және агродронды сатып алған жағдайда оған сервистік қызмет көрсету, қажет болған жағдайда қосалқы бөлшектерін шұғыл жеткізіп беру мүмкіндіктері бағытындағы сұрақтарына делегация топ мүшелері тарапынан тұжырымды жауаптар берілді.
Өз кезегінде, Eavision Robotic Technologies Ltd компаниясының вице-президенті Zhai Hui мырза Қызылорда қаласында күріш институты базасында өз компаниясының сервис орталығын ашуға дайын екндігін білдірді.
Семинар-кеңес соңында Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев пен Eavision Robotic Technologies Ltd компаниясының вице-президенті Zhai Hui өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойып, осы жылдың егін науқаны барысында аталмыш агродрондардың практикалық қолдану барысын көрсетуіне келісім жасады.

Орталық туралы

“Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байланыс

+7(7242) 23-05-63 
kz_ris@mail.ru
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 25Б

Картада