Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өсімдік бағытындағы шаруа қожалықтары өкілдеріне арналған кезекті «Күріш ауыспалы егісіне құрғақшылық пен топырақ тұздылығына бейімделген ауыл шаруашылық дақылдарын ендіру және топырақ құнарлылығын бағалау тәсілдері» тақырыбында оқу семинары Жалағаш ауданының Таң ауылында өтті. Оған Қармақшы ауданының әріптестері де шақырылып Күріш институтының ғалымдары топырақ құнарлығын арттыру мақсатында қант құмайы дақылын өсірудің пайдасын, оның экономикалық тиімділігін және топырақ сапасын зерттеу мүмкіндіктерімен таныстырды.
Айта кету керек, өңірімізде бұл қоңырбас тұқымдас дақылының шығымы жақсы. Қазіргі таңда бұл дақылды оннан аса шаруашылық өз егіс алқаптарында белгіленген жеріне егіп, тиімділігін байқауда.
Семинар тренинг «Орталық Азия мен Түркиядағы құрғақшылыққа бейім және сортаңданған аймақтарындағы ауылшаруашылық өндірістеріндегі табиғи ресурстарды кешенді басқару» ФАО-ГЭФ жобасы аясында ұйымдастырылды және Қызылорда өңірінің барлық аудандарын қамтиды.


















