«Бағдарламалық мақсатты қаржыландыру»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университетінің лас суларды тазарту арқылы ағаш өскіндерін және мал азықтық дақылдарын суғаруға пайдалану бағытындағы «Бағдарламалық мақсатты қаржыландыру» бойынша үлкен жоба іске асуда. Сол жобаның қатысушысы ретінде 30 жылдан аса Жапон елінде қызмет етіп, сол елдің университеттерінде дәріс беріп жүрген Қазақстан азаматы, техника ғылымдарының докторы, профессор Даурен Ахметов іс-сапармен Қызылордаға ат басын тіреген-ді.
Жобаның жетекшісі Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының агротехнология, мелиорация және топырақтану бөлімінің бас ғылыми қызметкері Серікбай Өмірзақов әріптес қонақты Күріш институты ұжымымен кездестіріп жоба барысын, оның мақсат-міндеттерін, күтілетін нәтижелері бойынша әңгімеледі.
Біздің аймақтың ауыл шаруашылығы экономика драйверінің бірі. Десек те соңғы жылдары климаттың нашарлауы, шөлейттену мәселесі, одан қалды Байқоңыр қоршаған ортаға үлкен өзгерістер әкелуде. Бұл процестерді дамушы елдер технологиялары мен препараттары арқылы қалыпқа келтіруге әбден болатынын тілге тиек етті.
Жалпы, Күріш институты ғалымдары Даурен Фараби-ұлының қызмет атқаратын Жапондық компаниясымен 2014-2017 жж тығыз ғылыми жұмыстар жүргізу барысында тәжірибелік алаңымызға автоматтандырылған метеостанция қондырғылары қойылған болатын. Алдағы уақытта да бұл байланыстар жалғасын тауып, егін шаруашылығында суды үнемдеу, қашыртқы-кәріз суларын биологиялық препараттарды қолдану арқылы тазалап, ауыл шаруашылық дақылдарын қайта суаруға пайдалану және басқа да Жапондық озық технологияларды өндіріске енгізу бағытындағы жұмыстар жүргізіледі.

Орталық туралы

“Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байланыс

+7(7242) 23-05-63 
kz_ris@mail.ru
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 25Б

Картада