Көкөніс-бақша және картоп дақылдары

 АтауыТолық ақпарат
1.Бөлім атауыКӨКӨНІС-БАҚША ЖӘНЕ КАРТОП ДАҚЫЛДАРЫ
2.Бөлім меңгерушісі

(ТАӘ, байланыс құралдары,эл. почта)

 

Байтөреева Әсел Нұрланқызы, ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі

Тел: 8 705 772 25 90

Эл.адрес: aselya-2217@mail.ru

 

3.Бөлім тарихы1986 жылы «Картоп және көкөніс-бақша дақылдарын өсіру технологиясы» бөлімі болып құрылып, меңгерушісі болыпҚұрманбек Бәкірұлы тағайындалды. Бөлімде картоп және көкөніс дақылдары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.1991-1994 жылдар аралығында бөлім меңгерушісі А.Ж.Алтынсариев болды. 1994 жылдан бастап, бөлімде бақша дақылдары, соның ішінде қауын дақылы бойынша ғылыми жұмыстар жүргізіле бастады. 1995 жылы бөлім атауы «Картоп және көкөніс-бақша дақылдары» болып өзгеріп, бөлім меңгерушісі болып В.С.Тян тағайындалып, бөлімді 2017 жылға дейін басқарды. В.С.Тян меңгерушілік қызметте болған кезде «Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС мен «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-і арасындағы бірлескен ғылыми жұмыстар нәтижесінде картоптың Бірлік және қауынның  Балшекер, Ливера, Ната, Сырдария сорттары шығарылды. 2017-2019 жылдар аралығында К.Б.Бегалиев бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2019 жылы бөлім атауы «Көкөніс-бақша және картоп дақылдары» болып өзгертілді. 2019 жылдан бастап Ә.Н.Байтөреева бөлім меңгеруші міндетін атқарушы болып тағайындалды.
4.Зерттеудің негізгі бағыттары1.      Көкөніс-бақша дақылдарының сорттарын зерттеу.

2.      Көкөніс-бақша дақылдарын өсірудің жаңа технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу.

3.      Бақша дақылдарының бастапқы және элиталық тұқымдарын өндіру және тарату.

4.      Бақша шаруашылығы саласында жүйелі зерттеулер жүргізу.

5.      Ауыл шаруашылығы мамандарын дайындау және қайта даярлау, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу.

5.Бөлім ұсынатын қызметтер 

 

 

 

 

 

 

 

6.Негізгі жетістіктерҚауынның  Балшекер, Ливера, Ната, Сырдария және картоптың Бірлік сорттарын шығарған. Көкөніс-бақша саласы бойынша 100-ден аса ғылыми мақалалар, бірнеше Ұсынымдар шығарған.

019 ББ бойынша 2018 жылы «Тамшылатып суару тәсілімен жаңадан шығарылған отандық қауын сорттарының бірегей тұқымын өндіру және өндіріске жеделдетіп енгізу», 2019 жылы «Қызылорда облысы жағдайында инновациялық технологияларды қолдану арқылы, отандық және шетелдік малазықтық асқабақ сорттарын тауар  өндірушілерге енгізу және тарату»тақырында жобалар жүргізді. Қазіргі таңда 2019-2020 жылдар аралығында «Қызылорда облысы жағдайында Қазақстан селекциясының картоп сорттарын егудің инновациялық әдістерін қолдану арқылы тауар өндірушілерге енгізу және тарату»және 2018-2020 жылдар аралығында 267 ПЦФ бойынша «Қызылорда облысы Қазақстандық Арал өңірі жағдайында экспорттық әлеуеті сапалық жағынан кепілді, әлемдік талаптарға сай келетін шетелдік сорттарды жергілікті жерге бейімдеу, шетелдік селекциясының сұранысқа ие сорттарының алғашқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру және олардың сорттық технологиясын жасау» тақырыбындағы жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

7.Коммерциялық сорттар мен будандарҚауынның Ливера, Қалайсан, Торпеда сорттары

 

 

8.Серіктестіктер, лицензиялар, патенттер 

 

 

 

 

 

Орталық туралы

“Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байланыс

+7(7242) 23-05-63 
kz_ris@mail.ru
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 25Б

Картада