Әсет Тоқтамысов

Әсет Тоқтамысов Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш институтының табалдырығын 25 жасында аттап осы ғылыми ошақтан зейнеткер атанған ғалым. Білікті ұстаздың алдынан ауыл шаруашылығы саласына қажетті талай маман қанат қақты, көптеген ғылыми еңбектер дүниеге келді. Бүгінде Әсет Мырзаханұлының еңбегі жоғары бағаланып «Құрметті ардагер» медалі табысталды.
«Құрметті ардагер» медалі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін өз ісінің білікті мамандарына табысталады. Айтулы марапатты Күріш институтының Басқарма төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев табыстап Әсет Мырзаханұлының әлі де ауылшаруашылығы бағытындағы ғылымға тигізетін үлесі зор екендігін тілге тиек етті.
Сол сияқты ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі атынан Күріш институтының Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Жанұзақ Байманов Құрмет граматосымен наградталса институт қызметкерлері Рустем Теменов пен Индира Пржановаға Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Құрмет гармотасы мен Алғыс хаты табысталды.

Орталық туралы

“Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байланыс

+7(7242) 23-05-63 
kz_ris@mail.ru
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 25Б

Картада