Іскерлік сапар

Корея Республикасы Чоллабук-до провинциясы Халықаралық ынтымақтастық Агенттігінің Президенті Ким Дэ Сик бастаған делегация өкілдері Қызылорда облысына іс-сапар барысында Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына ат басын тіреді.
Күріш институты басшылығы ғимарат алдынан қонақтарды күтіп ала кіреберісте орналасқан институт ғалымдарының өсіріп шығарған аылшаруашылық дақылдар сорттарымен таныстырып, бөлімдердің зертханаларына шолу жасап ғылыми еңбектерін көрсетті.
Бұл кездесу барысында екі жақ болашақта ауылшаруашылығы саласын дамыту және тәжірибе алмасу бағытында ынтымақтастық жасасу мүмкіндіктерін саралап, осы тұрғыда өз ойларын ортаға салды.
Анықтама: Чонбук Халықаралық ынтымақтастық агенттігі – Чолла Букдо провинциясының шетелдік және өңіраралық байланыстарын дамыту, шетелдік қарым-қатынастарды ірілету және Корея Республикасында шетелдік резиденттердің өмір сүру жағдайларын жақстарту мақсатында құрылған дипломатиялық институт.

Орталық туралы

“Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байланыс

+7(7242) 23-05-63 
kz_ris@mail.ru
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 25Б

Картада