Сұлтанбек Тәуіпбайұлы

«Ұлттық аграрлық білім беру орталығы» КеАҚ аппарат басшысы – басқарма мүшесі Ерлан Айтаханов Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұжымын директорлар кеңесінің шешімімен таныстырды. Оған сәйкес конкурс нәтижесі негізінде күріш институтының Басқарма төрағасы болып Сұлтанбек Тәуіпбайұлы Тәуіпбаев тағайындалды.
Сұлтанбек Тәуіпбайұлы 1956 жылы 27 ақпанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мырзабай ауылында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы Жалағаш ауданындағы «Мырзабай» ұжымшарында жұмысшы ретінде бастаған. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын бітірген соң, Қазақстандағы және Ресейдегі оқу орындарында оқытушылық және ғылыми қызметпен айналысқан. Техника ғылымдарының докторы, 1 монография және 50-ден астам ғылыми еңбектерінің авторы. 2005-2007 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған.
2003-2008 жылдары «Қызылордасушаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры.
2008 жылдан 2012 жылға дейін Қызылорда облысының Сырдария ауданы әкімі, 2012 жылдан 2015 жылға дейін Жаңақорған ауданының әкімі лауазымын атқарған.
2015 -2019 ж.ж. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің директоры қызметтерін абыроймен атқарған.

Орталық туралы

“Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байланыс

+7(7242) 23-05-63 
kz_ris@mail.ru
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 25Б

Картада