| Атауы | Толық ақпарат | |
| 1. | Бөлім атауы | «Қызылорда» білім тарату орталығы
|
| 2. | Бөлім меңгерушісі (ТАӘ, байланыс құралдары,эл. почта) | Байманов Жанұзақ Нұрділдәұлы, техника ғылымдарының докторы +7 7242 230224, Call-centre.kazniir@mail.ru |
| 3. | Бөлім тарихы | Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған отандық және шетелдік тиімділігі жоғары технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді өндіріске жеделдете енгізу, оларды пайдалану тәжірибесін өңірлерге тарату мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен еліміздің салалық ғылыми-зерттеу институттарының жанынан 2009 жылдан бері Қазақстанда АӨК саласында білімдерді тарату орталықтарын құру жөніндегі жобаны жүзеге асырып келеді. Осы жоба аясында, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында, 2012 жылдың 28 сәуірінде, елімізде 10-шы болып «Қызылорда» білімді тарату орталығы (БТО) ресми ашылды.
|
| 4. | Зерттеудің негізгі бағыттары | «Қызылорда» білім тарату орталығы аймағымыздың ауылшаруашылық тауарын өндірушілерін егіншілік саласындағы инновацияларға, мал шаруашылығының тиімділігін арттыруға, өңірдің аграрлық өнеркәсіп кешенінің басқа да басым бағыттарына оқытып, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тәсілдер мен технологияларды жетілдіруге көмектесіп, сол арқылы өндіріс тиімділігін арттыруға және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстарын молайтуға арналған, үкіметіміздің тікелей қолдауымен іске асырылып жатқан жобаны Қызылорда облысында жүйелі түрде іске асыруға ат салысатын жаңа құрылым.
|
| 5. | Бөлім ұсынатын қызметтер | 1. Күріш шаруашылығы саласы бойынша консалтингтік қызмет. 2. Күріш, көпжылдық шөптер (жоңышқа, түйе жоңышқа), қауын дақылдарының пайдалануға жіберілген сорттарының бастапқы және элиталық тұқымын тарату. 3. Пестицидтің жаңа түрлерін тіркеу сынағынан өткізу. 4. Күріш шаруашылықтарына ғылыми-техникалық көмек көрсету. 5. Колл Центр қызметі |
| 6. | Негізгі жетістіктер | Атқарылған жұмыс ауқымы қазіргі уақытта өңделіп толықтырылуда. Марапаттар мен құрмет граматолары бар |














