| № | Атауы | Толық ақпарат |
| 1 | Бөлім атауы | «Күріш және күріш ауыспалы егіс дақылдары тұқым шаруашылығы» |
| 2 | Бөлім меңгерушісі | ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі Курбанбаев Алмас Измуратович Тел.:87472250301 Эл.адрес: almaskurbanbaev@mail.ru |
| 3 | Бөлім тарихы | Тұқым шаруашылығы бөлімін алғашқы бөлім меңгерушілер:Хегай Сергей., А.А.Шакиев, Жарлыгасов болды. Ал, 2008 жылдан бастап К.Бәкірұлы 2019-жылға дейін бөлім меңгерушісі лауазымын атқарып келді. 2019 жылдың басынан тамыз айына дейін «Күріш селекциясы және күріш ауыспалы егісі дақылдарының тұқым шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Т.Е. Натишаев. Қазір таңда «Күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарының тұқым шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі лауазымын А.И.Курбанбаев атқарып келеді. |
| 4 | Зерттеудің негізгі бағыттары | Бөлімнің зерттеулері тұқымдардың егістік сапасын арттыруға ықпал ететін тұқым шаруашылығының бастапқы буындарында іріктеудің қазіргі әдістерін жетілдіруге және жаңа әдістерін әзірлеуге, тұқымдардың биологиясын және әр түрлі жинау тәсілдері кезінде олардың жарақаттануын зерделеуге бағытталған; питомниктерді салу кезінде бөлінудің оңтайлы нысандарын таңдау бойынша зерттеулер жүргізіліп келеді. |
| 5 | Бөлім ұсынатын қызметтер | Зерттеу қорытындылары негізінде өндіріске аудандастырылған күріш сорттарының сорталмастыру процесінің ғылыми негізделген мерзімі ұсынылған, арнайы мамандандырырлған тұқым шаруашылықтарында жоғары репродукциялы тұқым өндірудің агротехникалық тиімді әдістері дайындалған. Күрішті көшеттеп масақпен және жалға егу әдістерін қолдану арқылы тұқымды көбейту технологиясын қолданғанда гектарына 100-150 кг тұқым үнемделіп, тұқымды көбейту коэффициенті 2 есеге дейін артады. Ал минималды технологияны қолданғанда жанар-жағар май 85%-ға, жұмыс уақыты 80%-ға төмендеп, күріштің инновациялы сорттар тұқымын жедел көбейту тиімділігі артады. |
| Негізгі жетістіктер | Бөлімде аймақта аудандастырылған күріштің Маржан, Кубань 3, Авангард, Арал 202, Түгіскен 1 және жоңышқа мен түйе жоңышқа сапалы тұқымдарын өндіру мақсатында бастапқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. 2008 жылдан бастап Ресей күріш селекциясының аудандастырылған Янтарь, Новатор, Лидер сорттарының бастапқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі шетелдік (Ресейлік) жоғары өнімді, сабағы нығыз (дәндерінің орналасуы) сорттарына балама ретінде қылтықсыз КазНИИР-5, КазЕр-6, Арал 202, Айсауле, Салима, Сыр Сұлуы, Байқоңыр жаңа перспективті сорттары шығарылып көбейтілуде. Бұл сорттар дәнінің ірілігімен, қоршаған ортаға бейімделгіштігімен, тұзға, суыққа төзімділігімен бастапқы өсу дәуірінде тез өнгіштігімен, су тапшылығына және терең суға төзімділігімен Ресей сорттарынан айрықша ерекшеленеді. | |
| Коммерциялық сорттар мен будандар | ||
| Серіктестер, лицензиялар, патенттер | «Рза-Агро» ЖШС; «Түгіскен ТШ» ЖШС; «Шаған жер» ЖШС; «Таң ЛТД»; «Мағжан и К» ЖШС; «Агротехнология» ғылыми-өндірістік шаруа қожалығы |














