Жаһандық климаттың өзгеруінен туындап отырған су тапшылығы жағдайында су қорларын тиімді пайдалану мен есепке алу су шаруашылығы мамандарының кәсіби біліктіліктерінің талаптарға сәйкес болуы ерекше орын алатыны белгілі.
Осы бағытта, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының (GIZ) «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» өңірлік жобасы аясында Халықаралық су қорларын басқару институты (IWMI) және Ирригация және су проблемалары ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен бірлесіп оқу семинарын ұйымдастырды.
Семинар барысында қатысушы су шаруашылығы мамандарының біліктілігін одан әрі арттыру және суды есепке алу жүйесін жетілдіру мақсатында қазіргі заманғы су өлшеу құралымен таныстырып, оны пайдалануды, сондай-ақ суару каналдарында гидропосттар салу орны мен түрін таңдау және калибровкалау тәсілдері үйретілді.
Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.






















