«Суаруды автоматтандыру мен есепке алудың су ресурстарын үнемдеуге және күріш өнімділігін арттыруға әсері»

Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру бюджеттік бағдарламасы аясында «Суаруды автоматтандыру мен есепке алудың су ресурстарын үнемдеуге және күріш өнімділігін арттыруға әсері» тақырыбында семинар ұйымдастырып, облыстағы диқандардың басын қосып, жаңа технологияны таныстыруға мұрындық болған –Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. Институттың басқарма төрағасының орынбасары Жанұзақ Байманов:
– Аталған семинар қазіргі таңда өте өзекті. Себебі суды үніемдеу, суаруды басқару, оны автоматтандыру заман талабына айналып отыр. Оның үстіне су тапшылығына тап болатын оңтүстік өңірлер бұл тақырыпқа бей-жай қарамайтыны анық. Сондықтан біздің институт «Ер-Әлі» шаруа қожалығымен бірлесіп жаңа технологияны қолға алып, оны өзге диқандарға таныстыруды көздеді. Семинарға қатысқан шаруа қожалықтарының өкілдері белсенділік танытып, мәселенің мәнін түсінді деп ойлаймын. Әсіресе, болашақта су үнемдеу технологиясы басты меженің бірі болатыны, субсидия беру үшін де осы мәндес технологияны қолдану міндеттелетініне көз жетті, – деді Жанұзақ Нұрділдаұлы.

Орталық туралы

“Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байланыс

+7(7242) 23-05-63 
kz_ris@mail.ru
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 25Б

Картада