«Күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің құрылуы мен дамуының қысқаша тарихы:
- 1933-1950 жж. – КСРО Халық Комиссариаты Бүкілодақтық Күріш Тәжірибе Стансасы (Краснодар қаласы) жүйесінің Қызылорда күріш тәжірибе танабы.
- 1950-1956 жж. – Ленин атындағы Бүкілодақтық Ауылшаруашылық Академиясы филиалының Қазақ егін шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жүйесінің Қызылорда күріш тәжірибе танабы.
- 1956-1965 жж.- Қазақ КСР Ауылшаруашылық министрлігінің Қызылорда Мемлекеттік ауылшаруашылық тәжірибе стансасы.
- 1965-1972 жж. – КСРО мелиорация және су шаруашылығы министрлігі «Күрішмемшарқұрылысбасқармасының» Қызылорда облыстық күріш тәжірибе стансасы.
- 1972-1991 жж. – Қазақ КСР ауылшаруашылық министрлігі, кейін ЛАБАШ академиясы Шығыс бөлімшесінің Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты.
- 1991-1994 жж. – Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясының Қызылорда ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.
- 1994-1999 жж. – Қазақ ауылшаруашылық академиясының Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.
- 1999-2003 жж. – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.
- 2003-2007 жж. – ҚР АШМ-і Оңтүстік-Батыс ғылыми-өндірістік орталығының «Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
- 2007 ж. – «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.
- 2008 ж. – «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.
- 2015 ж. – «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес АҚ-ның «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Институт дамуының перспективасы
Қазақстандық Арал өңірінде қалыптасқан экологиялық ақуал кезек күтпейтін шараларды қабылдауды және өсімдіктің биологиялық мүмкіншілігін қамтамасыз ету, өнімділігін арттыру, топырақ тұздылығын және арамшөптермен ластануын кемітіп, құнарлығын арттыруға бағытталған ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің жаңа ресурсүнемдегіш аймақтық технологияларын әзірлеуді қажет етеді.
Қазақстандық Арал өңірінде ауылшаруашылық өндірісінің дамуын талдай келе келешекте ол бұдан да қиын жағдайда, яғни су, энергетика шикізат көздерінің, материал, финанс ресурстарының жетіспеуі жағдайында жүргізіледі деп күтілуде. Себебі аймақта жылдан жылға халық саны өсіп келеді, ал топырақ қабаты керісінше тұзданып антропогендік шөлейтке айналуда.
Сол себепті Қазақстандық Арал өңірі жағдайында ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттарын шығару, экологиялық таза, ауылшаруашылық өндірісі технологияларын әзірлеу жұмыстарын жеделдетіп жүргізу керек.
Қызылорда облысының ауылшаруашылық өндірісінде қалыптасқан көптеген проблемаларды шешуге «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС өзінің жоғары квалификациялы мамандарымен көмек көрсете алады.
Егер бүгінгі таңда «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС 70 жылдық тәжірибесі бар аймақтағы күшті ғылыми-зерттеу мекемесі болса, келешекте Қызылорда облысында қалыптасқан экологиялық проблемаларды (топырақың азып-тозуы, көптеген аймақтақтардың шөлейтке айналуы) шеше алатын үлкен ғылыми орталыққа айналары сөзсіз.














